Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  196


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Тыныштық

1418 күнге созылған соғыс, 1945 жылы 8 май күні сағат 24:00 де, атыс барлық қарудың түрінен тоқтатылды. Қазақстаннан 1млн.200 мыңнан астам адам, Ұлы Отан соғысына қатысты.

Тоқтатылды, оқтар ұшпай оқпаннан,
Торғай үнін, дала күтті ақ таңнан.
Үнсіз жатты, теңіздер де толқымай
Бомба алынды, жарыларға шақ қалған.
Еш дыбыссыз, орман, тоғай оянды.
Жапан дала, жаңғырықсыз боянды.
Сүйінші сұрап құстар ұшты аспанда
Тау кәусарын, жамыратты той алды.
Жуан орап, шылым шекті - Жауынгер,
Құттықтасып, құшақтасты қалың Ел.
Отқа оранып, жалын кешкен - Солдаттың
Тап сол күнгі, Ата, Анасын, Жарын көр!
Шарықтады, күй тартылды, ән басқа,
Жетекке еріп, томпаңдайды - боз қасқа.
Жүректерге, шер боп, кірген шөңгелер
Ақ қыраудай орын алған әр баста.
Келді үміттер,
Қуаныштар құлдырап,
Омырауда,
Жеңіс үні сылдырап.
Бір - еу, жүрді алыс қарап күрсініп
Қайран қазақ, Мойыған жоқ, ал,.. бірақ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу