Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.07.2021
193
Жүрдек поезд
Жолым түсіп,
Сапар шектім алысқа.
Арпалысып,
Тірлік деген жарыста.
Тербетеді доңғалақтар әуені
Таратады,
Темір даусын бар тұсқа.
Перрондар,
Қалып жатыр қалалар.
Қымыз құйып,
Нан ұсынған Аналар.
Қол ұстасып жарысады бағандар
Төбе, төбе жасыл орман, далалар.
Дүрілдетер
Болат жолдар денені,
Қол ұстасып
Шпалдардың білегі.
Үнін қосып,
Алпыс екі тамырым
Дүрсілдетіп көкіректі кереді.
Ұйқтамайды
Жер-Әлемнің-жүрегі!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter