Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  141


Автор: Анар Шамшадинова

Жалғыздықтың құшағында жалықтым

Жалғыздықтың құшағында жалықтым,
Жалқы өткен күндерімнен өзіңсіз.
О, тәңірім, мейіріңе қарық кім?
Ерінім – құрғап қалған теңіз,
көзім – күз.
Құштарлықтың қақпанында қысылдым.
Құмарлықты қайтем енді құрықсыз.
Қалай ғана құшағыңнан ысырдың?
Өртеп тәнді еріндерің тұрып сіз.
Қалада бақ ырғалғанда қайыңсыз,
Жұлдызды түн жымыңдаса үр қылық,
Ұмытарсыз мені тез-ақ уайымсыз,
Сізге жазған өлеңдерім жыртылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу