Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.07.2021
111
Олай болса, кел, сезімді жерлейік
...Олай болса, кел, сезімді жерлейік,
Несі қалды өлмеген?
Көрін қазып, топырақ сап терлейік,
Жарай қоймас, көмбеген.
Сағыныш пен бақытты да жерлейік,
Тоз-тоз болған үмітті.
Дымсыз қалып, сөйтіп біздер ерлейік,
Бізге кімдер күліпті?!
Құрылмаған шаңырақты жығайық,
Тәңір төнбес елжіреп.
Екеуміз де тәуелсіз боп шығайық,
Тезірек!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter