Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  132


Автор: Анар Шамшадинова

Елім бар ғой, егілсем, емізетін

Елім бар ғой, егілсем, емізетін,
Жерім бар ғой, жеңілсем жеңгізетін.
Тіпті Алматы аспаны бар пендеге,
Мөлдірліктің моншағын тең үзетін.
Далам бар ғой, сыймасам паналайтын,
Күн нұрын да сәт сайын жаңалайтын.
Аппақ қар да әлемді құшақтайды,
Жел де ұятты, сай-қырды аралайтын.
Бұлттар ғана бір кетіп, бір келеді,
Сонда шыңдар шым батып, бүркенеді.
Тұман басып, табиғат тәнін жауып,
Зираттардан зарланған жыр келеді.
Көтертеді құс жолы білегіңді,
Айналаңнан табасың тірегіңді.
Әлем тұтас, сен жүрсің өзіңше боп,
Мені сүйген түсінбей жүрегіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу