Өлеңдер ✍️

  20.07.2021
  168


Автор: Анар Шамшадинова

Бақыт боп жарыта қоймадың

Бақыт боп жарыта қоймадың,
Туылған шығарсың мұңыма?
Озар ма ойларға тоймадым,
Мән бере қоймассың жырыма.
Адал ем, адалдық қажет пе,
Тек сендік сезімге өртеніп.
Күтумен кейде қыс, жаз өткен
Өкінген емес ем жер теуіп.
Пенденің шындығы ашылмас,
Алдасын бір-бірін алдаса.
Жаныңның жарасы жазылмас,
Тәніңнің ыстығы далбаса.
Азапты алыста ұсақтап,
Күш берген маң далам, бел-жотам.
Мұқаңның кітабын құшақтап
Балауса түндерде мен жатам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу