Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2021
148
Терең мен тайыз
Біреулер жүр байлығына мақтанып,
Өз-өзінен жарылуға шақ қалып.
Бұл тірліктің құпиясын білсек те,
Kейде айтады бар шындықты ақтарып.
Белгілі боп тұрсадағы өзі әлі,
Ойы төмен биікке қол созады.
Қойторымен жарыспайды сәйгүлік,
Жалғыз шауып, тұғыр сосын «озады».
Желкеніне жел үрлесе ескі леп,
Таңданбаймыз тәйтік қалай өсті деп.
«Бедел» жинап жүргендерден сақтасын,
Асын ішкен дастарханын кескілеп.
Ойландырмай ұят, намыс, ар жайлы,
Жалған тірлік құр кеудені алдайды.
Терең жандар қалаулысы халқының,
Ал тайыздар ел есінде қалмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter