Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2021
135
Сенің үйіңде
«Жатпас та ешкім мұны теріс көріп,
Үйдегі үлкендермен көріс келіп».
Дегенде сүйіктім сен, шалқыдым ғой,
Алдымнан армандай бір өріс кеңіп.
«Шырағым, ризамын келгеніңе,
Өрлей бер қымсынбастан төрге, міне».
Деп әкең сездіргенде ақ ниетін,
Шыққандай болды көңілім өрге мүлде.
Анаң да менің әзіз анама ұқсап,
Күмбезін көңілімнің барады ұштап.
Өтеді әрлі-берлі сіңілің сенің,
Мен жаққа әлсін-әлсін қарағыштап.
Бой балқып, қорғасындай шоқта қалған,
Отырдым жүрегіме топтап арман.
Ал өзің жанымнан бір шықпай қойдың
Құлындай желісінде ноқталанған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter