Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2021
162
Оян - өскен ауылым
Жалғандық жалқынына боялмаған,
Жайым бар тек шындықтап ой ақтаған.
Кіндігі жұмыр жердің сияқтанып,
Әрдайым көрінеді Оян маған.
Осында ойым, бойым жетілді бір,
Ержеттім бірі болып кекілдінің.
Қалада қаншама жыл тұрсамдағы,
Ауылдың бір баласы секілдімін.
Ояным, сен емессің жатсынарым,
Өсірдің, мен өлеңде бақ сынадым.
Атыңды аяқасты етсе біреу,
Белгілі шар болаттай шарт сынарым.
Қалада ұзатсам да өмір көшін,
Жақпайды кей тірлігі көңілге шын.
Оянның сағынамын тұнық таңын,
Оянның сағынамын қоңыр кешін.
Ояным, гүлдене бер, жасара бер,
Жақынмын, жерде емеспін тасада дep.
Жатсынбас түтіндерің түтінімді,
Бір күні саған көшіп барсам егер..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter