Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  171


Автор: Айтқали Нәріков‎

Жырға наз

Ұзақ таңға ілінбейді көзім бір,
Жалған емес, шын ақиқат сөзім бұл.
Бала күннен сырлас болған, өлең-дос,
Енді ұятқа қалдырсаң да, өзің біл.
Еліктіріп шөп сыбдыры, құс әні,
Қиялымның қаршығасы ұшады.
Жанарымды паң көркімен тұсап aп,
Аймалайды табиғаттың құшағы.
Жұдырықтай жүрегімді нұр аптап,
Сайрап жатыр арман жолы бір аппақ.
Өзіңе тән махаббатпен, жалынмен,
Қалшы мәңгі көкірегімде тұрақтап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу