Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2021
197
Жетелейді ілгері
Алпысбай Мұсаевқа
Дегендей боп қатарыңнан қалыспа,
Жолдар мені шақырады алысқа.
Беймәлім күш алып шығып үйімнен,
Қосады әкеп, ұлы дүбір жарысқа.
О бастан-ақ құпиялы жалған кең,
Аттанамын үміт етіп алдан мен.
Өмір атты үлкен жолдың үстінде,
Кездесемін алуан түрлі жандармен.
Біреулері мақсат тұтып байлықты,
Мінез-құлқын осы жолға сай қыпты.
Жүргендерден татын жалап ақшаның,
Жүрегім сан, жүрегім сан шайлықты.
Ал біреулер биік ұстап арманын,
Соған ғана салады екен бар жанын.
Ұстай алмай қиялдағы елесті,
Санын соғып, шайнайды екен бармағын.
Өмір мына күрделі сол, күрделі,
Адамдардың сабылып бір жүргені.
Соғып тұрса кеудемдегі жүрегім,
Жолдар мені жетелейді ілгері!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter