Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.07.2021
155
Дендер
Қай Дендер, мына Дендер, Дендер, Дендер,
Алдыңнан құба бел боп көлденеңдер.
Жайықтан aт суарып, бір желпінді-ау,
Жорықтан жау түсіріп келген ерлер!
Қай Дендер, мына Дендер, Дендер, Дендер,
Сөз айтшы шемен болған дертімді емдер.
Үстіңнен қалай ғана жүріп өтті,
Аңыңды бұғып барып өлтіргендер?!
Қай Дендер, мына Дендер, Дендер, Дендер,
Әнімен Бала Ораздың тербелген жер.
Сарғайып сағыныштан келгенімде,
Азайып капган екен көз көргендер.
Қай Дендер, мына Дендер, Дендер, Дендер,
«Дендердей бола алмайды кез келген жер».
Табылжан осылай деп жай айтады,
Сау жүрсін туған жерге дем бегендер.
Қай Дендер, мына Дендер, Дендер, Дендер,
Дендерден тұрақ таппас «өзгергендер...».
Мәңгілік Махамбеттің мекені бұл,
Дендерді Түркістаннан кем көрмеңдер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter