Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.07.2021
144
Біргемін
Бұл жалғанға қонақпыз сол кемді күн,
Дайынбыз ба арқалауға ел жүгін?..
Білген жанға сұрауы бар судың да,
Біздер үшін тер төгеді енді кім!
Өтседағы өмірімнің көктемі,
Осы ойлар мазалайды көп мені.
Мансапқорлар күйттеп кетіп бас қамын,
Көпе-кернеу көпшіліктен шеттеді.
Бір-бірінен айла-шарғы асырып,
«Пысықтар» жүр елдің құтын қашырып.
Ала жіпті аттамаған тектілер,
Амалсыздан қалталыға бас ұрып...
Бірте-бірте ашылғандай араны,
Мына заман қайда бастап барады?
Жоқ-жұқаның жағдайы тұр ауырлап,
Қайда барып, жанға сая табады.
Ағайыным, ауылдасым, іргелім,
Алдарыңда - қалай өмір сүргенім.
Біздің түтін сізден бөлек ұшпайды,
Өздеріңмен өмір бақи біргемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter