Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  133


Айсұлу Рүстемова‎

Өлең мені іздеді

Күн көтеріп келе жатам кеудеме өлең мені іздеді
Көшелерді таңда кезіп күз демі
Жапыраққа шық тізгені.
Ерте оянып, ертегі айтып осылай
Өлең мені іздеді.
Жүрегімді жуып өтті бір ағын,
Естімей ме құлағың?
Алатаудың биігінен дәметіп
Бұлағындай жыладым.
Ақбас таудың сүйгенде не асқарын?
Бұлт-көңілім. Тас та мұң.
Өзгере алмай өтесің,
Өлшеп берген, қас-қағым.
Көшелерді таңда кезіп күз демі,
Жапыраққа шық тізгені.
Ерте оянып, ертегі айтып осылай
Өлең мені іздеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу