Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.07.2021
139
Өз кеудеме өзім сыймай таң, бесін...
Өз кеудеме өзім сыймай таң, бесін
Белгісіз ән жетелейді, нәркес үн.
Мен екеумін, екі жаққа тартады
Екі пиғыл, бір-ақ қорап, қайтесің.
Бірі -Жерді, бірі - Көкті нұсқаған,
Жер мазағы ,білем сені, күстабан.
Көкке қарап көзім талды. Екі адам
Жалғыз жіптен ұстаған...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter