Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  476


Автор: Сарыбаев Қаныбек

ДОСТАРЫМ

Будақ-будақ ой бұлттарын жарып өтіп өлеңмен,
Арманымның аспанына асыға ұшып келем мен.

Жалт бұрылып, жаныма жай түсірсе дос адамым,
Қанатына оқ тиген құстай жер бауырлап қаламын.

От арпыған жүректердің шөлін қайтсем басамын,
Деп көктемгі тасқын судай кейде арнамнан асамын.

Кетсе досым көңілімнің көгалына тастап от,
Жалғыз жатам жапандағы тіршіліксіз тастақ боп.

Шағаладай шаңқылдаймын шар тарапқа шарқ ұрып,
Сол дос қайтып маған қарай жүгіргенде алқынып.

Достар – менің үлкен сатым ұшы көкке тірелген,
Биігіме жету үшін тек солармен жүрем мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу