Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  127


Айсұлу Рүстемова‎

Көзімнен ұшты қай сәтім жадырап, күліп?

Көзімнен ұшты қай сәтім жадырап, күліп?
Көңіл күйімдей - Алматы, атырап тынып.
Айналып бәрі әп сәтте әлденелерге
Сөгіліп кетті жан жүйем қақырап тұрып.
Келді ме сырғып төріме сынаптай бүлік?
Қайтесің айтпай ішіңнен ұнатпай тұрып?
Қорғай алмадым-қорғансыз жүрегімді де,
Шындығым, сені сөндірді шырақтай ғылып.
Несіне мені жасқадың шатынап тұрып,
Тауысар қайсы жұлмалап, жапырақ қылып?
Таң ата маған бір дауыс талып жетеді:
«Тіршілік деген аз күндік ақымақшылық!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу