Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  144


Айсұлу Рүстемова‎

Бір бейне мұң

Бір бейне мұң.
Жасап алдым ауадан.
Деймін Жерде
енді мәңгі қала алам.
Кесірлі ойға
Баттым солай белшемнен,
Ей, арманым,
Жүзі көкке қараған!
Ақылдымсып,
Сәлден кейін бұзылам.
Жолықпады
Деп тұлданып Қызыр ән.
Өзімде бар,
Соны білмей өзгенің
Басындағы
Балшығына қызығам.
Тәтті іздеймін.
Болам саған ұнаған.
Құлып салам
Ойларыма құраған.
Күн өтуде, ай
Алыстап, жыл кетті.
Салқын ғана
Ақылыңды құп алам...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу