Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2021
141
Аққулар көркем көрінер
Аққулар көркем көрінер
Айдын шалқар көлдегі.
Құралайдың балдары,
Бұл да көркем көрінер
Орғып қашқан шөлдегі.
Қатарланған қалың көш,
Бұл да көркем көрінер
Сағым шалған белдегі.
Қыз, жігіт көркем көрінер
Қалың дара елдегі.
Аруанадан туған кез өркеш,
Бұл да көркем көрінер
Айт - айт деген жердегі.
Қыз бала көркем көрінер
Беттегі нұрлы қанменен...
Еділ көркем көрінер
Жағалай біткен талменен.
Арғымақ көркем көрінер
Өкпе, бауыр, жалменен.
Жиналып келген көпшілік,
Аз айтты деп сөкпендер,
Еркінше даусым шықпады,
Осылай айттым жайменен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter