Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  183


Автор: Айтуар Өтегенов

Ақсұқсырдың елінде

Өттi бастан талай-талай дауылдар,
Өттi бастан талай-талай жауындар.
Даласында, даласында қалмақтың,
Аман-есен жүрсiңдер ме, бауырлар.
От демiнен мұз таулары ерiген,
Достарына орын берген төрiнен.
Сәлем сiзге, сәлем сiзге, ағайын,
Күн сәулеттi Қазақстан Елiнен.
Қарсы шаптық тұрса дағы құз алдан,
Қатар жайлап өрiсiмiз ұзарған.
Шайқасып ап, шайнасып ап соңынан,
Бiр-бiрiнен татулыққа қыз алған.
Шалқып жатқан кең даламыз, иенбiз,
Бiрiмiзге нағашымыз, жиенбiз.
Ақсұқсырлар ана болған қазаққа,
Деп келдiм мен қалмақтан бiр сүйем қыз.
Бiздер жайлы шертiлген-дi сан дастан,
Кiм қалайды өшiргендi жанбастан.
Жаңа заман туыстығы нығайып,
Ескi заман ұмытылсын шаң басқан.
Кең даламыз бәрiмiз де, иенбiз,
Мен де сенен Ақсұқсырдай сүйем қыз.
Құшағыңды аш қазағыңа, қалмағым,
Туысқанбыз, нағашымыз, жиенбiз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу