Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.07.2021
276
Әже
(Өтеген әулетінің отанасы болған Жиде Бимағамбетқызының әруағына)
Жүрегiмде сен жүрсiң,
Жалын әже, өр әже.
«Баласы ғой кемпiрдiң», –
Деген үлкен дәреже.
Құшағың нұр әкелдi,
Емiренсең маған көп.
Сенiң балаң – әкемдi,
Атап кеттiм «ағам», – деп.
Кернеп шаттық санамды,
Еркiн өсiп еркелеп.
Сенiң келiнiң – анамды,
Атап кеттiм «жеңге», – деп.
Анам деуге келiсем,
Өсiрдiң қол тигiзбей.
Балам дедiң менi сен,
Басқа адамға сүйгiзбей.
Өттi уақыт, сан жылдар...
Түссең еске кейде сен.
Мен әкеммен қалжыңдап,
Құрдастарша сөйлесем.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter