Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  252


Автор: Айтуар Өтегенов

Ақ әлемде — екеуміз

Аппақ әлем, айналамыз ақ бояу,
Ақ әлемде бізден өзге жоқтай-ау.
Қос жүректің кетті шаңын тазартып,
Ешбір әсер жүрекке етпес соқпай-ау.
Соғады да, соғады да аптығыс,
Дейді жүрек арманыңды қатты құш.
Ақ күміс қар үстінде біз келеміз,
Сезімдердің моншағы да ақ күміс.
Алақанға қонған ақ қар еріп тұр.
Қарап едім,
Жанарыңда — көрік-нұр.
Ақ сәулесін шашырата қарайды,
Төбемізден сұлулыққа жерік Күн.
Алақанға қонған ақ қар еріп тұр.
Қарап едім, Жанарыңда көрік-нұр.
Бақыттыға кезігеді қар гүлі —
Дейді халық,
Қайтайықшы теріп гүл...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу