Өлеңдер ✍️

  08.07.2021
  182


Автор: Айтуар Өтегенов

Алғашқы қар қызығы

Жолдың үсті
Жердің үсті
Ақ жамылған тек қана,
Ұшып жатқан,
Түсіп жатқан ақ түбіт пе, мақта ма?
Алма беті бал-бұл жанған топ бала,
Соғып жатыр аққала.
Жас жігіттің мойнына
Бір бойжеткен бал қылық,
Риза өзі ойынына
Жіберді әне қар тығып.
Жүректерді дәл осындай ақ сезімге толтырып,
О, дүние,
Мәңгілікке пәк күйіңде қал тұрып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу