Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.07.2021
231

Нысап
Минут сайын сезінем бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналамның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып тұрғанда атып таңым.
Күні-түні шүкір деп шаттанамын.
Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!
Көзім — шырақ, санам — cay, ғалам — ғажап,
Бұдан артық бола ма бақ бағалы?
Елім — азат, мен — азат, ұлым — азат,
Азаттықтың жетпейді құнына зат.
Қанағатта ғаламат қуаныш бар,
Нысапсыздық Алланың құлына — жат!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter