Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  225


Автор: Иса Байзақов

Алатау

Бұлт буған басыңды, қарлы Алатау,
Бір заманда қайғылы, зарлы Алатау.
Қойныңа жезтырнақтың қолын салып,
Сұмырай сорған сүтіңді, шерлі Алатау.

Қайырмасы:
Асқақтаған Алатау,
Бауырың толған бақша-бау.
Май айында майысып,
Жұпар исің аңқиды-ау.

Мұзың күміс, суың бал, тасың мыстан,
Таудан бұлақ ағады-ау алтын құсқан.
Қызыл туың желбіреп, желкілдетіп,
Қоныс алды іргеңнен Қазақстан.

Қайырмасы:
Салаң салқын кең жайлау,
Бұлақ аққан мың тарау,
Алма, миуаң жетіліп,
Бұлбұл құсың сайрайды-ау.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу