Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  165


Автор: Иса Байзақов

Кербез сұлу

Алтайдың кербез сұлу азат қызы,
Шырқатып ән салғанда жайнап жүзі,
Қайысқан қара ормандар құлақ түріп,
Жымыңдап масайрайды көк жұлдызы.

Алтайдың жерінде нұр, көгінде күн,
Тіпті жоқ, ұнамастай бойында мін.
Нұрлы жүз, құралай көз қарындастың,
Көрдің бе қара шашы төгілгенін?

Алтайдың құлпырып тұр сай-саласы,
Ән-сауық, шат-шадыман айналасы.
Болған соң елі нұрлы, жері шалғын,
Қалайша ән салмасын қыз-баласы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу