Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.07.2021
186
Қайырлы болса қалған күн
«Қаламға бүгін мүнәпас!
Жаз, – дейді досым – қысылмай.
Қиынға көз тік, құлақ ас,
Далаңның қыран құсындай».
Несіне мұның дау айтам,
Тура деу керек тураны.
Толғанып өтті талай таң
Тағы бір Уақыт туралы.
Әрине, бүкіл жаныммен
Құптаймын мүнәпастықты.
Жырлар ем қандай жалынмен,
Қайырып берсе жастықты!
Жастықтың отпен желіне
Қай жерде, қашан қанған кім?
Өгізі болып жегілем,
Қайырлы болса қалған күн.
Жүрем мен оны жүз қорып,
Келсін тек пісіп толғағы.
Сүймей-ақ қойсын қыз болып,
Кемпірімдей күтсе болғаны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter