Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.07.2021
270
Көктем...Күз...
Көші-қоны шақтарында
Тал бесік атан қомы, ат жалын да...
Астында ақ жауынның малшынбайды,
Кек мұз бен сызын сезбес ақ қардың да.
Бесігің кең жаһаннан кем көрінбес,
Аяшым, ақ бесікте тербеліп өс.
Ғұмыр бойы жатпайсың бесігіңде,
Жасыңнан жер шолып өс, ел көріп өс!
Көктем күз Көші-қоны бесік Мұзафар Әлімбаев Мұзафар Әлімбаев өлеңдері Мұзафар Әлімбаев шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter