Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.07.2021
417

Намаз
Көркімен қуат беретін,
кеудеме қышқыл себетін,
көкорай шалғын көк белдер,
көзімнен таса кетпеңдер –
қаусырып келеді от шеңбер.
Қария көкірек қыраттар,
бұрқырап аққан бұлақтар,
құландар ішкен суаттар,
кетпеңдер менен жыраққа,
дүниеден, сендер өтсеңдер,
қирайды бесік – көк шеңбер.
Тәубаға келтірер тауларым,
жаныма қорек саумалым,
жұмақ жамалды бау-бағым,
кереленіп жатыр төріңде ел.
Адамзат араны ашылса,
анасын ас қып, жонын жер.
Құныққан құлқынды пендеге
қанағат бере көріңдер!
намаз тәуба қанағат Фариза Оңғарсынова шығармашылығы Фариза Оңғарсынова өлеңдері Фариза Оңғарсынова шүкіршілік шүкір
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter