Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.07.2021
407

Заман құлқы
Жерім жатқа тапталып,
шаңға айналды даламыз.
Досым мені жат танып,
алшақтады арамыз.
Әнім жұртқа ұнамай,
жат айқайға бас ұрдық.
Салт-сәнімді, сұрамай
жалмап жатыр ғасыр-жұт.
Дәстүрімді, жырымды
паш етуге қымсынам.
Жоғалтыппын бұрынғы
жоқтауымды сыңсыған.
Қырқып жатқан қай шалғы –
біле алмадым сенделіп.
Жақсы менен жайсаңды
жоқтау айтпай жерледік.
Кінәліні іздеп сандалма –
заманның құлы – жан біткен.
Арзан мына жалғанда
адамның құны ақ жіптен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇