01.07.2021
  720


Автор: Талғат Бигелдинов

ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ ДҰҒАСЫ

(мұны айтқан адам өзін бар жамандықтан сақтайды)

Күні кеше ғана Кеңес Одағының екі дүркін батыры, xалқымыздың қаһарман ұлы Талғат Бигелдиновтің осы видеосы ғаламторда кеңінен тарағаны мәлім. Үш жүзден аса шайқасқа кіріп, қарша бораған оқтың астында жүрсе де, Алланың қалауымен аман қалған батыр: «Лə хəулə уə лə қууатə иллə биллəһ», - деп дұға жасаған екен.
Қазақша мағынасы: «Ұлы Алладан басқа ешқандай күш те, қуат та жоқ»
Сонымен, атамыз айтқан «Лə хəулə уə лə қууатə иллə биллəһ» (Ұлы Алладан басқа ешқандай күш те, қуат та жоқ) сөзінің артықшылығы қандай?

?Бір күні бір кісі Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келеді де: «Менің баламды құрайыштықтар тұтқындап алды», - деп шағымданады. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Лə хəулə уə лə қууатə иллə биллəһ» (Ұлы Алладан басқа ешқандай күш те, қуат та жоқ) сөзін қалдырмай, жиі айтып, Алланы еске алуға кеңес береді . Мұны естіген әлгі адам осы сөзді бір сәт те аузынан тастамай айтып жүреді. Ал таңертең баласы жүз түйені айдап, еліне оралады. Алла оның баласын ғана емес, дұшпанның қолында кеткен бүкіл мал-мүлкін де қайтарып береді. Себебі, шынында да, Алладан өзге ешқандай күш те, қуат та жоқ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу