Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.06.2021
128
Никос Беллоянистің өліміне
Атты жау,
Алды өлім бүгін кімді?
Қақ жарған ерді алды ма қара түнді!
Кім жоймақ от жүректі,
Ақыл, ойды,
Кім жоймақ халық үшін туған ұлды?!
Оқ тиді.
Құлады ер жерді құшты.
Ұрыдай түнде жендет қанын ішті.
Бірақ та өмірі оның үзілмеді,
Жүрегі жалын болып аспанға ұшты.
Қақ жарып Греция қара түнін
Жүрегі лаулап жанып тұрды мұның.
Кір шалмас коммунистік адал жаны
Қаттырақ бұрынғыдан шығарды үнін.
Саңқ етті ол!
Шақырды елін, сілтеді алға
Майданға! күрес пенен атар таңға!
Жалғасып миллиондармен кетті өмірі —
Өшпеді оқтан өзі жығылғанда.
Өлікке үнсіз ғана иіп - басын,
Ызалы гректер тұр төкпей жасын.
Солардың жүрегінде күндей жанған
Кім жоймақ коммунизм шұғыласын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter