Өлеңдер ✍️

  16.06.2021
  594


Автор: Жібек Ысқақова

БҰЛ - ЗАМАН



БҰЛ - ЗАМАН

Зорлығы көп жылататын бұл - заман,
Биік құздан құлататын бұл - заман.
Ел қорғаны дейтін кейбір ерлердің,
Тентек суға құмартатын бұл - заман.

Арақ ішіп әйелін ұрып соғатын,
Дау-жанжалмен өткізетін сағатын.
Қатыгездік жаулаған қиын бұл -заман,
Еш ойланбай арсыздыққа баратын.

Отбасының тынышын бұзар мұндайлар,
Шаңырағын ойланбастан қып майдан.
Балалардың үрейлерін қашырар,
Өз қолымен айналасын қып ойран.

Құмарпаздар тағы да бар қаншама,
Ойын ойнап қарызданып қалатын.
Қиындықтар түссе-дағы ақысын,
Үйіндегі әйелінен алатын.

Әйелін ұрып, балаларын жылатар,
Ішімдікке, есірткіге құмартар.
Ерлеріміз көбейіп жатыр бұл таңда,
Өз отбасын өз қолымен құлатар.

Қатыгездікпен өлтірген әйел, баласын,
Мұндай ерден не жақсылық табасың?!
Естігенде дәл осындай жайларды,
Мұңаясың, оттай күйіп, жанасың.

Жүрегіміз ауырады, сыздайды,
Зомбылықты көре қалсақ осындай.
Хайуандыққа толып жатыр бұл-заман,
Жанымызды ауыртатын расында-ай...

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу