Өлеңдер ✍️

  15.06.2021
  668


Автор: Ханбибі Есенқарақызы

Дос іздедім

Дос іздедім, сабылып, Төлегендей,
Дос іздедім, қалың жұрт елегендей.
Дос іздедім, қуансам құшақ жайып,
Дос іздедім, сүрінсем, жебегендей.

Болса дедім, басыңды бағалайтын,
Тұнық көлге тас атпай, жағалайтын.
Құрақ-құрақ көңілді жамай білер,
Мансабыңа, даңқына, қарамайтын.

Дос іздедім « дос бол » деп жалынбайтын,
Ірілі-уақ күнәңмен қабылдайтын.
Дос іздедім жаһанда жаны қайсар,
Сөндірем деген сайын, жалындайтын!
Біреулердің кеткенде көңілі ұзап,
Достық жолын ете гөр, тәңірі ұзақ.
Күйдірмейтін, жалынсыз сүйдірмейтін,
Махаббаттан достықтың өмірі ұзақ !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу