Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2021
242
Жырлама, сұлу, мен барда
А. С. Пушкиннен аударма
Тілегім сенен, сұлуым,
Жырлайтын жырды грузин
Мен барында жырлама.
Өртеп жанды алады,
Ол жыр еске салады
Ұмытқанды біржола.
Ол жыр еске салады:
Ұлы сенің әніңді,
Айлы түнді ай дала,
Алыс қалған асықты,
Адыра қалған жастықты,
Қалған қараң айнала.
Мен бір нәзік үреймін,
Тоқсан толғап түлеймін,
Сені көрсем ұмытам...
Бірақ сен ән саласың,
Сүйтіп мазамды аласың,
Ұмытқанды шұбыртам.
Тілегім сенен, сұлуым,
Мен барында, грузин
Қайғылы күйін жырлама.
Өшкенімді жандырма,
Өлгенімді тірілтпе,
Жырлаймын деп улама!
жыр сұлу аударма Пушкин пушкин өлеңдерінің аудармалары Ілияс Жансүгіров шығармашылығы Ілияс Жансүгіров өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter