Өлеңдер ✍️
Көктемгі көріністер
Майдың майда лебін сүйіп
Жаздың сұлу жапырағы,
Гүлге бөлеп айналаңды,
Бұлбұлы әнмен шақырады.
Бір жағы тау, бір жағы бау
Әсем үйлі астананың
Келбетінде қуаныш бар,
Күлкісіндей жас баланың...
Майдың майда лебін сүйіп,
Жастар шықты көше бойлап.
Таңғы салқын шіміркентіп,
Тітіркентіп кетеді ойнап.
"Әсем асфальт көшелердің
Болса, шіркін, түкіргіші..."
Дегенше олар, шаңды үйіріп,
Жалақтаған сыпырғышы.
Шыға келді сыпырғыштар,
Көшені шаң басып жатты.
Шаң мен тозаң басылсын деп,
Кейде суды шашып жатты.
Асыққандар жүре тұрсын,
Асықпаған тұра тұрар.
Кейде осындай кірлі сумен
Шомылады тротуар...
Лақылдатып құйған суға
Тайып, қулап жатқан да бар.
Сыпырғының тозаң
Толарсақтан батқан да бар.
"Ең болмаса осындайды
Мейрам күні көрсе нетті...
Деп әркім-ақ аузына алып,
Сөз қылады Горсоветті.
* * *
Май қуантып, май күлдіріп,
Жайнатты жас балаларды.
Қыздар көйлек алу үшін
Магазинді аралады...
Май күнгі жас көбелектей
Келеді олар құлпырғысы...
Бірақ майдың көйлегі жоқ,
Өзгермепті былтырғысы...
Сатушылар: "Бары осы!"деп,
Тұмсықтарын шүйіреді.
"Тағы нең, бар?" десең болды,
Қас-қабағы түйіледі.
Өз бастығы келе қалса
Жас шыбықтай иіледі.
Оған бәрі табылады,
Оның қызы киінеді...
Осындай сөз, күңкіл, сыбыр
Әр ауыздан шығып жатты.
Не бір жақсы гүлді товар,
Прилавкада бұғып жатты...
* * *
Майға әркім-ақ өз үлесін
Қосқалы еңбек жасап жатыр.
Кейбір жұтқыш маскүнемдер
Көшеде лай асап жатыр...
Көшелерін көркейтетін
Тіксе біреу жасыл шыбық,
Былтырғы еккен ағаштары
Биыл қурап, жатыр сынып...
* * *
Майдың жылы құндағына
Бөленбеген дала бар ма!
Бәрінен де парад көру
Қандай қызық балаларға!
Бұлбұлы әнмен шақырады.
Бір жағы тау, бір жағы бау
Әсем үйлі астананың
Келбетінде қуаныш бар,
Күлкісіндей жас баланың...
Майдың майда лебін сүйіп,
Жастар шықты көше бойлап.
Таңғы салқын шіміркентіп,
Тітіркентіп кетеді ойнап.
"Әсем асфальт көшелердің
Болса, шіркін, түкіргіші..."
Дегенше олар, шаңды үйіріп,
Жалақтаған сыпырғышы.
Шыға келді сыпырғыштар,
Көшені шаң басып жатты.
Шаң мен тозаң басылсын деп,
Кейде суды шашып жатты.
Асыққандар жүре тұрсын,
Асықпаған тұра тұрар.
Кейде осындай кірлі сумен
Шомылады тротуар...
Лақылдатып құйған суға
Тайып, құлап жатқан да бар.
Сыпырғының тозаңға
Толарсақтан батқан да бар.
"Ең болмаса осындайды
Мейрам күні көрсе нетті...
Деп әркім-ақ аузына алып,
Сөз қылады Горсоветті.
* * *
Май қуантып, май күлдіріп,
Жайнатты жас балаларды.
Қыздар көйлек алу үшін
Магазинді аралады...
Май күнгі жас көбелектей
Келеді олар құлпырғысы...
Бірақ майдың көйлегі жоқ,
Өзгермепті былтырғы...
Сатушылар: "Бары осы!" деп,
Тұмсықтарын шүйіреді.
"Тағы нең, бар?" десең болды,
Қас-қабағы түйіледі.
Өз бастығы келе қалса
Жас шыбықтай иіледі.
Оған бәрі табылады,
Оның қызы киінеді...
Осындай сөз, күңкіл, сыбыр
Әр ауыздан шығып жатты.
Не бір жақсы гүлді товар,
Прилавкада бұғып жатты...
* * *
Майға әркім-ақ өз улесін
Қосқалы еңбек жасап жатыр.
Кейбір жұтқыш маскүнемдер
Көшеде лай асап жатыр...
Көшелерін көркейтетін
Тіксе біреу жасыл шыбық,
Былтырғы еккен ағаштары
Биыл қурап, жатыр сынып...
* * *
Майдың жылы құндағына
Бөленбеген дала бар ма!
Бәрінен де парад көру
Қандай қызық балаларға!
"Қызыл қайрат " колхозынан
Бір "Победа " шыға шапты.
Орта жолда көпір сынып,
Батпақ асап үш күн жатты...
Біреу қарғап, біреу сілеп,
Кейіп жатты "Доротделді".
Бірақ аудан еске алған жоқ
Машинаға сор отделді...
* * *
Гүлденді жаз, түрленді жер,
Қосылды әндер, қосылды ойлар,
Қызық күнде аз да болса
Болмаса екен осындайлар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter