Өлеңдер ✍️

  08.06.2021
  161


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Қой — дай-дайын "қонағасы"

Кейбір колхоз басшылары қой басын өсіруде көтеріңкі міндеттеме алғанын ұмытып, "ішкі мұқтажға" деген сылтаумен малды сатып, союға жол беруде. (Тілші хатынан).

Қозы әкелсе ұсақ келді,
Қозы орнына тұсақ келді.
Тұсақ келіп тұрысымен,
Жалақтаған пышақ келді.
Тұсақ шошып тұнжырады,
Қозыға айтып қынжылады:
— Қонақ келсе қойға шапқан,
Басқа таппай бізді тапқан.
"Өзі әлді деп жала жауып,
Толып жатқан дәлел тауып,
Актілер мен фактілерден,
Жаздай, күздей сауын сауып.
Отырғандар бар әлі де,
Қой — дап-дайын "қонағасы "
Кеше тірі жүрген тоқты,
Қыдырманың болады асы.
Бүйте берсең әсер ме екен,
Әсіресе қойдың басы.
Осыны бір ойлар кезің,
Болған жоқ па, отағасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу