Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  4732


Автор: Асаба (тамада)

ДОСТАРҒА

Сыйластықта өмірдің жарқындығы,


Бес саусақтай біледі әркім мұны.


Дәстүрінен достықтың қия өтпейік,


Қолда барда білінбес алтын құны.


Өздеріңнен жоқ, достар, жасырарым,


Жалқайтыңдар жанымның жапырағын.


Әрқашанда сендерге арқа сүйеп,


Бойға жігер, ойға ақыл шақырамын.


Достық атты өлкенің жеріне мен


Алшаң басып көсілем теріне кең.


Тірлігімнің тірегі – шынайы дос,


Достар үшін жырлаймын, тебіренем.


Пана тұтам, қуанып, қысылғанда


Өткізбейтін өткелден тұсың бар ма?


Мен де берем кіршіксіз жүрегімді,


Ақ ниетпен жүрегін ұсынғанға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Нурасыл
Нурасыл 20.04.2025 13:50
Және де осы өлеңнің меншік авторы кім екен!? Жаза кетсеңіздер..
Нурасыл
Нурасыл 20.04.2025 13:48
Жүрекжарды "Достарға" атты ішкі лебіз, ыстық ықылас өзіндік мәнері терең мына бір кіршіксіз өлең жолдарын, рұқсат болса, әрине!? Өз поэзия жинақтарыма қосып қойсам, қарсылық танытпассыздар деп ойлаймын. z2192797@gmail.com

Пікір жазу