05.06.2021
  520


Автор: Гүлтас Құрманбай

Халқын сүйген – салтын да сүйедi.


Әр халықтың өзінің салт-дәстүрі, сенім-нанымы болады. Ол – халықтың көне тарихымен бірге жасасып, озығы қалып, тозығы ескіріп ұмытылып жатады. Салт-дәстүрі жоқ ел болмайды. Қандай ел болмасын өз халқының салт-дәстүрін сыйлайды, құрметтейді. Халық арасында мынадай аңыз бар: Ертеде, біздің дәуірімізге дейінгі заманда біздің ата-бабаларымызды жау шауып ала алмапты. Әскери дағдылары дамығаны сонша жау әскері ортаға келгенше тиіспей тұрады екен де, олар ортаға келгенде жан-жағынан шабуылдайтын көрінеді. Сонда түріктердің салт-дәстүрін жақсы білетін бір азғын, жаудың әскер басына: «Түріктер ата-бабаларының аруақтарын қатты қадірлейді, егер ата-бабаларының бейітін талқандасаңыз, бүкіл түрік сонда жиналады. Сол кезде соғыса аласыз» депті.


 


Сұрақтар мен тапсырмалар:



  • Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіз?

  • Халық пен салттың қандай байланысы бар?

  • Ойдан жағдаят құрап, жоғарыдағы мақалды қолданыңыз. Мысалы, шетелдік қонаққа қазақ дәстүрі бойынша қойдың басын қойдыңыз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу