file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  03.06.2021
  730


Автор: Жібек Ысқақова

ҚАРТ АНАНЫҢ ҰЛЫНА ЖАЗҒАН ХАТЫ



  1. Қарт Ананың ұлына жазған хаты:

    Жүрмісің ұлым үйден сен жырақ,
    Үйдегі жайды білмейсің бірақ.
    Қарашаңырақ қаңырап бос тұр,
    Ішінде жүрмін сүрініп, құлап...

    Қалаға кеттің қарамай артқа,
    Тамыры солып, қурады бақта.
    Гүлді етер бақты ұрпағым сен ең,
    Барасың сенде айналып жатқа.

    Қалада жүрсің ақшаға батып,
    Арыңды сенде ақшаға сатып.
    Бұл ақша сені жүрексіз етер,
    Ақшаны көрсең жаныңнан артық.

    Ақшада тіл жоқ, сөйлесе алмас,
    Ақшада үн жоқ, қайғыра алмас.
    Бұл ақша сені Анаңдай болып,
    Мейріммен сені құшаққа алмас.

    Ақшада жан жоқ, келеді, кетеді,
    Бұл уақыт тұрмас, сырғиды, өтеді.
    Осылай жүрсең ақшаны пұлдап,
    Бұл ақша сенің түбіңе жетеді...

    Үйге қайт ұлым, кеш болмай тұрғанда,
    Ағайын, туыс достарың бұл маңда...
    Үйленіп үй бол, бағыңды жайнат,
    Оралып үйге мен тірі тұрғанда...

    Бұл сөзім шындық, ойланып қарағын,
    Күтумен өзіңді талуда жанарым.
    Соңғы рет жіберген Анаңның хаты бұл,
    Оралшы үйіңе, кеш болмай қарағым...

    Осылай жылауда қаншама Аналар,
    Ұл-қыздар көп болсын Анасын бағалар.
    Тым алыс кетпесін Ананың кемесі,
    Кешігіп қалмайық сан соғып адамдар.
    Бұл өмір тым қысқа қамшының сабындай,
    Бұл өлім бір сәтте, шетінен жағалар...
                    Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Алтын А.
Алтын А. 05.06.2021 06:30
Керемееет!??? Мағынасы зор жазылған. Жібек қызым, жарайсың! Өлең-жырларың қаламыңнан төгіле берсін.

Пікір жазу