Өлеңдер ✍️

  02.06.2021
  742


Автор: Жібек Ысқақова

МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН, ЖІБЕГІМІН!

Мен  қазақтың қызымын, Жібегімін,
Жүрегімнен шығатын тілек -үнім.
Ана тілден нәр алып қанаттанған,
Өлең сөздің жанашыр, тірегімін.

Абай, Жамбыл аталар жалғасымын,
Халқыма ортақ үш бидің арнасымын.
Мен неге өлең-сөзден тосылайын,
Өлең-жырым-өзені тау-тасымның.

Мен өмірді сүйемін, өмір қымбат,
Ей өмірім, қуанышпен маған тіл қат.
Алтының да, байлығың ештеме емес,
Көңіл қымбат мен үшін к елім қымбат.

Бұл өлеңім бағалы сыр сандығым,
Қуанышым ішінде, шаттық үнім.
Күндерімде мұңайған бәрі ішінде,
Қарсы алғамын қасқая өмір сынын.

Шүкір Алла, бәрі бар өмірімде,
Шаттық әуен тербейді көңілімде.
Мен өмірді сүйемін, сүйіп өтем,
Ризамын, қақым жоқ өкінуге.

Өкінбеймін мұң айтып өткеніме,
Шүкір Алла бұл күнге жеткеніме.
Мен тірімін, өлмеймін өлең барда,
Қол созамын, талпынам көкте күнге.

Құласам да тұрамын бас көтеріп,
Жыласам да күлемін бәрін жеңіп.
Адалдықтан танбаймын ешқашанда,
Жақсылардың соңынан менде еріп...
           
Жаным қазақ, намысым мәңгі өлмейді,
Халқым десем кеудемді ән тербейді.
Әрбір қазақ жалғызым, қанымыз бір,
Қазағыма ешбір ұлт тең келмейді...

Сөйле, сөйле, қызыл тіл жалындашы,
Кей адамдай, көре алмай, тарылмашы.
"Қазақ" деген ұлы атты мақтаныш қып,
Алға қарай үдере адымдашы...

Мен қазақпын,
Жаным да, қаным қазақ,
Арым қазақ, барым да, бағым қазақ.
Жасай берші жасай бер Қазақ елі,
Бейбіт күнде, мәңгілікке болып азат!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Төлеш Сарбасқызы.
Мен Жібекті әлеуметтік желі , оның ішінде "Вконтакте" желісіндегі "Сырлы өлең" тобының жетекшісі ретінде алғаш танысқан едім. Содан беріде, 5 жылдай уақыт өтіпті. Осы жылдар барысында топ жетекшісі, ақын, жақсы дос, аяулы Ана, қамқоршы перзент ретінде өзін жақсы жағынан көрсете алды деп ойлаймын. Соңғы кездері өлең жазумен ғана емес, әлеуметтік тақырыпта көлемді мақала жазып, баспасөз беттерінде жарияланып жүр. Жібек. Жазарың көп болсын. Шығармашылық шалқар шабыт тілеймін.
Алтын Абеуова
Алтын Абеуова 03.06.2021 13:53
Керемет! Өлең мықты жазылған. Жарайсың Жібекжан! Өлең- жырларың таусылмасын. Шығармашылық жетістіктерің көп болсын.

Пікір жазу