Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2021
287
Оңашада әлдилеп ойдың гүлін
Оңашада әлдилеп ойдың гүлін,
Тыныштыққа армансыз тойдым бүгін:
Үзіліссіз сөйлейтін радио,
Оның өзін өшіріп қойдым, күнім!
Сәтті кездер сары үрпек балапан ба?
Солар қазір аялы алақанда.
Тоңған күшік секілді бүктетіліп,
Тіл қатпайды сөзуар телефон да!
Мұндай сәттер түсе ме қолға тағы?
Беймаза кез,
Жаныма сол батады...
Дулы өмірге жерік боп,
Өнер-ана
Шулы өмірден аулақта толғатады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter