Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2021
280
Әзәзіл
Жабылғанмен мәңгіге жер есігі,
Жүректерде жүреді ер есімі.
Жаңылмайсың өлген соң,
Әзәзілден
Тірі кезде көресің көресіні!
Оқасы жоқ!
Бақытты аңсап келіп,
Сүйгеніммен екеуміз алсақ бөліп.
Бір әзәзіл мақтау боп келеді де,
Бір әзәзіл келеді мансап болып.
Күнім,— дейді,— ол сені,
Гүлім,— дейді.
Кім екені сайтанның білінбейді.
Бір әзәзіл алтын боп көзіңді арбап
Бір әзәзіл қыз болып күлімдейді.
Mac қылмайды биліктің буы кімді!
Ұмытасың жақын мен жуығыңды.
Бір әзәзіл күміс боп,
Бір әзәзіл
Коньяк боп алады буыныңды.
Өрекпиді осылай, сірә, көңіл:
Сол баяғы қалпында бірақ өңір.
Байқайсың ба, бауырым, байқайсың ба
Әзәзілмен күрестен тұрады өмір!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter