Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2021
187
О замандас
О замандас,
Қан құйылып қой көзге,
Жұдырығың қышымай ма кей кезде?
Өзге жанның табысына сыздап іш,
Өзегіңді өртемей ме қызғаныш?!
Қытығыңа тиген кезде ел кейде,
Дүниеден безіп кеткің келмей ме?!
Тастап алып қызған тойдың арағын,
Қыз-қырқынға келмей ме бір қарағың?!
Есіңе алып сыйынатын піріңді,
Кәне, кәне, жасырмай айт сырыңды!
Жын-диюды өз ішіне қамаған
Сүлейменнің құтысы ғой бұл адам
Сол диюың
Төзіміңнің іргесін
Үңгіп-үңгіп,
Шығып кетіп жүрмесін!
Өз-өзіңе қырағы бол,
Байқа, адам!
Шығып кетсе ол,
Қаматпайды қайтадан!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter