Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2021
162
Басым да мың-дың
Басым да мың-дың, айналам мың-дың, мың-дыңмың,
Бір кіріп есі, бір шығып жүрген жындыңмын.
Есебін таппай тіршілік деген құрғырдың,
Жібіне жырдың қыл мойнымнан қылқындым.
Басым да быт-шыт, айналам быт-шыт, быт-шытпын,
Шыға да жаздап шықырлап тұрған шықшытпын.
Жылжыттым қалам ақ қағаз бетін қарайтып,
Балына малып көзімнен шыққан сүт-шықтың.
Кеудемнен менің шарығы кемдеу бас қашып,
Лағамын сосын көкжиек көкпен астасып.
Қармайтын титтей бұта да таппай жүйкелеп,
Жүректің орнын кетеді кейде тас басып...
Орнында мидың кемеден ауыр қорғасын,
Кездесіп жиі мең-зең де мендей сорға сын,
Күн менен Айдың астында жүрмін әйтеуір,
Пенделерменен,
Өзім де пенде болғасын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter