Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2021
227

Жаза
Қорқытпақ боп інімді:
Шақырып бар жынымды,
Құбыжық қып өзімді,
Ойнақшытып көзімді,
Айналдырып тонымды,
Күжірейтіп жонымды,
Тымақ киіп басыма,
Барып едім қасына,
Қарады да таңданып,
Қасындағы талды алып,
Қорқу қайда!
Ол бірді
Қақ маңдайдан қондырды!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter