18.05.2021
  185


Автор: Қадыр Мырза Әли

Бірінші «бестік»

Бүгін үлкен қуаныш —
Беске бесті қоса алдым.
Былай қалып жаман «үш»
Бірінші рет «бес» алдым.
Жайда бергім келмейтін
Күнделікті ұсындым.
Оқытушым күлмейтін
Күлді, содан қысылдым.
Қояры бір «бес» еді,
Оқытушым оңдырды:
«Екімді» де кешегі
Күнделікке қондырды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу