Өлеңдер ✍️

  18.05.2021
  238


Автор: Қадыр Мырза Әли

Дала дастарханы

Жолдастарға
Достарға
Қажеті жоқ дауыңның.
Қонаққұмар дастарқан
Картасындай ауылдың.
Енесі көз алмайды
Елпілдеген келіннен.
Майда құрттар аумайды
Мәліш қойдан бөлінген.
Сары ірімшік түйірі
Сары алтындай шайылған
Сиырлардай Бүйірі
Шыққанша бір жайылған.
Талқаным-ай!
Тарым-ай!
Тегіс қойған аямай.
Жанындағы сары май
Жазда үйген маядай.
Шұғылалы, арайлы
Шоқ қыздырып астынан
Шыны аяққа қарайды
Шөккен нардай тасқұман.
Қозы етінің жанында
Қандай ғажап сұр етің. ...
Дастарқанға салынған
Бүкіл ауыл суреті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу