Әңгімелер ✍️
Асыл ағаның ізі бар
Азаттық үшін күрес қазақ елінде Ресейдің тырнағына іліккеннен бері еш уақытта тоқтамаған. Исі қазақтың текті баласы Кенесары боп арпалысып, Исатай-Махамбет боп ілгеріде ат ойнатып шығып жатса, ол бір кезең өткеннен соң саяси күрестің тәсіліне бой ұрған. Сол тұстағы елінің азаттығын аңсаған текті ұлдардың бірі осы өзіміздің Шет жерінің тумасы Асылбек Сүлейменұлы. ХХ ғасырдың ауыр- ауыр қатерлі жылдарының қатарында қалып, білген жұрт есімін атауға қорқып, ардақты аты ұмыт болуға айналған асыл азамат осы кісі.
1914 жылғы наурыз айындағы санында “Русское сло- во” газеті. “Айдалғандар қатарында присяжный поверен- ный Ақбаевтан бастап 15 жасар Сүлейменов Асылбек деген шәкіртке дейін бүкіл қазақ интелегенциясы түгелге жуық бар” деп жазған.
15 жасында елінің намысы үшін айдауға түсіп жүрген Асылбек Сүлейменұлының тегі осы күнгі Ақбауыр ауы- лының маңын мекен еткен Саржал алшыны. 15 жасар баланың айдауға кететінін естіп Қояншытағайдан Нарымбек, Тобықтыдан Нармамбет ақын бастаған ел жақсылары барып- ты дегенді кәріқұлақтардан естігенбіз. Нарымбек қоштасқан болып құшақтап бала Асылбектің қойнына ақша тығыпты, ал Нармамбет ақын “Ей, шырағым, қазақтың бар жақсысымен бірге кетіп барасың. Бұған мақтан. Алла жар болсын” деген екен.
ХХ ғасырдың басы орыс империясының ішкі қайшы- лықтары шегіне жетіп, халықтың жаппай бас көтеруінің салдарынан 1907 жылы орыс патшасы 17 қазан манифесіне қол қоюға мәжбүр болды. Бұғау босап, аяқтағы шынжыр шешілгендей еді. Тәуелсіздікті аңсаған қазақ даласына азаттықтың таңы сызат берген. Онарлық езгінің аяусыз түріне ұшыраған қазақ халқы құрып бітуге айналған еді, енді саңылаудан еркіндіктің самалы есіп, ашық күреске шықты.
Қазақ халқының бас көтеруі орыс империясының ішкі
жағдайын шиеленістіре түсті. Ресейге қазақ емес, қазыналы қазақ жері қажет-тін. Қазақ не бір жолға құрып, не шоқынып кетуге тиістін. Соның анық мысалы қазақ жеріне көшіп келуші орыстарға берілетін жер мөлшері туралы нұсқау еді. Бұл нұсқау бойынша қазақтарға берілетін жер мөлшері 15 десятинадан аспауы керек, ал келген мұжық 115 десятина, ал кейде 517 десятинаға дейін алған.
Сөйтіп, қазаққа 15, мұжық 115 не 517 десятина. Ға- сырлар бойы мал бағып қана күнелткен қазақ 15 десятинаға қай малын сыйғызады. Қой шошқа емес қой қорсылдап жата беретін. 15 десятинаға үйірлі жылқы түгілі жалғыз биеңді де баға алмайсың. Бұл қазақ аштыққа ұшырап құрып кетсін деген саясат еді. Ең өкініштісі осы зұлымдығын қазақтың мөжентапай белсенділерін пайдаланып 1932 жылы жүзеге асырды ғой.
1909 жылғы патша өкіметінің бұл нұсқауы жұртты жап- пай ашындырды. Ұлт көсемдері Әлихан Бөкейханұлы, Ах- мет Байтұрсынұлы, Міржақыптар ел үшін арпалысты. Жақып Ақбаев күні бұрын түрмеге қамалды.
1909 жылдың 1 шілдесінде Қарқаралыдағы орыс-қазақ мектебінің меңгерушісі қызметінде жүрген Ахмет Бай- тұрсынұлы қамауға алынды. Оған үкіметке қарсы үгіт жүргізді, қазақтарға автономия алып беруді ұсынған, са- яси қылмыскер Жақып Ақбаевты құтқару үшін жиындар ұйымдастырып, қол жинады деген айыптар тағылған. Іле Ахмет Байтұрсынұлының жақтастары ретінде жеті адам түрмеге қамалады. Олар:
- Смақан төре – Әлихан Бөкейхановтың інісі.
- Ыбырай Ақбаев – Жақыптың ағасы.
- Хасен Ақаев – Қу болысы.
- Ахмет Райымбеков – аурухана дәрігері.
- Бодаубек Райымбеков – Ақшатау болысының қазағы.
- Асылбек Сүлейменов – 15 жаста, орыс-қазақ мекте- бінің оқушысы.
- Смайл Бәйтенов – ауыл мектебінің мұғалімі.
Аса қауіпті саналған Ахмет Байтұрсынұлын Семейдегі түрмеге жөнелтеді де “сыбайластары” саналған жеті адам- ды Омбы, Томбы, Орынбор сияқты Ресейдің ішкі жағына
жер аударады. Кәмелетке жетпеген, 15 жасар бала Асылбек Сүлейменұлы да сол айдауда, бірақ Ресейдің қай түкпірінде болғаны әзірше белгісіз.
Асылбек ағамыз 1914 жылы айдаудан босап келгендей екен. Сонда 15 жасар Қарқаралыға қоныстанған Жалайыр Жұманбай қызы Шекерге үйленген. Шекер жездесі Әбіштің тәрбиесінде болып, біраз білім алған қыз екен. Шекер 1963 жылы 64 жасында дүниеден өткенін қызы Шәкура айтып отыр. Шәкура 1926 жылы туған. Асылбектен 1923 ж. туған Бұстай деген ұл, Сара, Шәкура, Батиха деген қыздары дүние есігін ашқан.
Басына шаңырақ көтерген Асылбек туған ауылы Шо-лақ түлкіге келіп, ағайындарының арасында біраз жыл өткізіп, 1917 жылғы февраль төңкерісінен кейін Қарқара-лыға оралған. Осы тұста қазақ автономиясын құруға ұм-тылған Алаш аза- маттары жер-жерде қазақ комитеттерін ұйымдастырған еді. Қазақ комитеттері Алаш үкіметінің жер-жердегі атқарушы бөлімі деп сол кезде танылған. Озбырлықтан азап шеккен қазақ шаруасы осы өкіметке барып, қал-қадарынша шаруа- сын шешіп жатты. Міне, осы Қарқаралыдағы жергілікті алаш өкіметінің мүшесінің бірі Асылбек Сүлейменұлы болған.
Қазақ комитеті ретінде құрылған Алаш өкіметінің өмір сүруіне орыстың озбыр отаршылдары да, патшаның оры- нын ауыстырған жаңа үкіметтің жаңа биліктегілері де қарсы болды. Кейінірек бар билікті қолына алған большевиктер де қазақ комитетін ұнатпай, ақыры біртіндеп құртып тынды. Тап осы кезеңнің өзінде-ақ революцияның жемісін нығайту үшін деген желеумен қатал репрессия басталды. Қазақ елінің басына Голощекиннің кезіне орай қазақ интелегенциясын қудалау күшейді.
- 1925 жылы Асылбек Сүлейменұлы Шолақ түлкідегі
өз ата-мекеніне оралды. 1929-34 жылдары Шет ауданы орталығы Ақсу-Аюлыға көшіп келіп, заготскот мекемесінде бухгалтерлік етіп, Құмжонда Жексенбаев Рамазанмен көрші тұрды. 1935-36 жылдары Қарқаралыда округтік қаржы бө- лімінде еңбек етті. Жаңа репрессияның лебін сезген Асекең
1937 жылы отбасын Ақбауырға көшіріп әкеліп, біраз бой тасалаған екен.
Алаштың азаматы Асылбек 1939-1942 жылдары Қы-зылтау подхозында бухгалтерлік жұмыс атқарған екен. Қарт ұстаз Жұматай Құтжантегі Асылбек Сүлейменұлының соғыс жыл- дары аудандық банкіде де біраз еңбек еткенін айтып отыр.
Асылбектің жалғыз ұлы Тұстай зооветтехник маман- дығын алған. Ол 1942 жылы 12 мартта 19 жасында соғысқа алынған екен, сол бетінде хабарсыз кеткен. Аскеңе жалғыз ұлының қайғысы қатты батып, өмірінің соңғы жылдарын ау- румен өткізіп, 1949 жылы бұл жалғанмен қоштасқан.
Кешегі өткен аласапыран заманда Асылбектің қызы Шәкураның жолдасы Өміртайды да “бұның атасы Алаш болған” деп партбюрада біраз коммунистік партияға өткіз- бей қойыпты.
Асыл ағаның ең болмаса бір суретінің қыздарының қолында қалмағаны өкінішті-ақ. Жұрттың бірі “халық жауы” (дұрыс халық досы) түгілі оның суретінен қашатын қанқұйлы заман болды ғой. Оған да кінәлі кешегі елірмелер, құлдықтың қамытын киіп алып, өз ұлтына жауша тигендер. Бірақ... Иә, бірақ ауылдастардың арасында, кешегі қариялар жинаған ескі суреттердің арасында көппен түскен бір бей-несінің сақталуы да мүмкін-ау. Дегенмен үміт үзбейік. Мынау сондай- асыл ағамыз деп, үлгі етіп мектептерге іліп қойсақ қаншама оқушылардың жүрегінде мақатныш, ұлтқа деген ұлы сезім ояна түсер еді.
Іздеген жетер мұратқа. Мұндай текті адамның ізі де,
суреті де КГБ сияқты мекеменің архивтерінде, тағы басқа орындарда сақталмауы мүмкін емес. Оны іздеу жас тарих- шылардың, ұлтқа жанашылардың, жиен-ұрпақтарының міндеті болса керек-ті. Иә, заман түзелді. Бірақ осы біздің есіміз түзелді ме? Асылымызды іздейтін азаматтар қашан шығар екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter