Өлеңдер ✍️

  17.05.2021
  164


Автор: Роза Сейілхан

Елегізи берем неге мен...

Елегізи берем неге мен,
Жылымшы тамшы аймалап.
Жындыға мені теңемен,
Табаным жүр тек тайғанап.
Мылқауға барам айналып,
Жұлдызда сан жоқ, ай қарап.
Қиялым кетті қайда алып,
Қыдырған сол бір қайда бақ.
Шашымды тарап тарағым,
Кірпігім тұрды суланып.
Сансырап қалған сананың,
Сарқыншақтары уланып.
Ұйқы мен ойым алмасып,
Салады келіп, түн дүрмек.
Қараңғылықтан таң қашып,
Жанады шамдар бір-бірлеп.
Ұсынған көп сый тас қала,
Қалың жұрт жалғыз емеспін.
Бәрі бар, бақ та, басқа да,
Ермегім, еншім егес күн.
Тілекті пұлға сатып ап,
Халқы осы тұйық қаланың.
Сыртынан ғана бақылып,
Мұңыма кетіп барамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу